Работа в международной фирме: Visibility Platforms & Innovations Executive - Almaty

Дата публикации: Июнь 8, 2023
  • Местоположение: Алматы, Казахстан

Сауда көрінімін дамыту және инновациялар жөніндегі сарапшы – Алматы
Әлемді бізбен бірге өзгертіңіз
Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) компаниясында түтінсіз болашақ құру туралы түбегейлі шешім қабылдадық.
Тарихқа бүгіннің өзінде өз үлесіңізді қосу, батыл идеяларды енгізу, барынша жетілдірілген шешімдер жасау және әртүрлі бағыттар бойынша кәсіби өсу үшін бізге қосылыңыз.
Сату бөлімінде белсенділік, клиентке бағдарлану және барлық жаңа нәрсеге ашықтық бағаланады. Бұл Сізге сай келеді деп ойласаңыз, бізбен бірге кең ауқымды түбегейлі өзгерістер жасау үшін біздің командамызға қосылыңыз.
Жаңа миссиямыздың табысы, түбегейлі өзгерістердің алғы шебінде тұрған бөлшек сауда бөліміне тікелей байланысты, себебі біз қазір жаңа сауда нүктелерін ашып, жаңа өнімдерді ұсынудамыз. Бұл қызықты, еліктіретін және шабыттандыратын тәжірибе.
Жаңа миссиямыздың жаңа нарықтардағы табысы Орталық Азия бөліміне тікелей байланысты. Бұл қызықты, еліктіретін және шабыттандыратын тәжірибе, себебі Сіз ФМИ-дегі әріптестеріңіздің тәжірибесіне сүйене отырып, көршілес елдердегі болашақты айқындау және құру еркіндігін пайдалана отырып, стартап ортасында жұмыс істейтін боласыз.

Күн сайынғы міндеттеріңіз:
- Сауда көрінімін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету және POSm материалдар мен жабдықтардың жаңа тұжырымдамаларын әзірлеуде орталық команданы қолдау ;
- Материалдар мен жабдықтарды орналастыру жөніндегі мақсаттардың орындалуын жүйелі түрде талдау және басқару;
- Сауда көрінімі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсат қою стратегияларын әзірлеуге қатысу;
- Далалық сапарлар мен брифтер ұйымдастыру;
- Мотивациялық бағдарламалар әзірлеу;
- Мінсіз дүкен платформасын жасауға қатысу;
- Іске қосу және белсенділіктер күнтізбесін басқару және жетекшілік ету.

Бізге кім керек:
- Жоғары білім;
- Трейд-маркетинг/сату саласындағы 3 жылдан 6 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі;
- Әмбебап көрінім тұжырымдамасын жасау және енгізу тәжірибесі және оны әртүрлі сауда нүктелеріне бейімдеу;
- Презентациялар мен конференциялар өткізу тәжірибесі;
- Excel бағдарламасын тәжірибелі пайдаланушы;
- Ағылшын тілін Upper-Intermediate деңгейінде білу.
*Осы бос жұмыс орнына релокациялық пакет ұсынылмайды.

https://www.pmi.com/careers/overview

Связаться с автором


Похожие объявления